Оралда өртенген гараж орнынан ер адамның мүрдесі табылды

0
152

Орал қаласында гараж отқа оранды.


Оралда өртенген гараж орнынан ер адамның мүрдесі табылды
Фото: ҚР ТЖМ
ERNUR.KZ. БҚО ТЖД департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 2 мамыр күні М.Шолохов көшесі 15-мекенжайында сағат 07.48-де болды. Қызыл жалын өрт сөндірушілер келгенге дейін ауыздықталды, деп жазады kaz.inform.kz.
Өртенген орыннан 15 баллон (біреуі газ, біреуі оттегі, қалғаны фреон) шығарылды.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, өрт сөндірілгеннен кейін жанып кеткен ер адамның мүрдесі табылды.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.