Оралда полиция қызметкерін пышақтап кеткен

0
191

Полиция департаменті полиция қызметкерінің кезекті еңбек демалысында болғанын айтады.


Оралда полиция қызметкерін пышақтап кеткен

Фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

ERNUR.KZ. Орал қаласында қаскөй пышақ сілтеп, 43 жастағы полиция қызметкерін жарақаттады. Сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды, деп жазады inbusiness.kz.

Оқыс оқиға 12 қазанда болды. БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, ұстады. Сот оған қатысты үй қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - деп атап өтті аймақтық ПД.