Оралда студенттерден ақша бопсалады деп айыпталған қылмыстық топ құрықталды

0
456

Ұсталғандар колледж студенттері.


Оралда студенттерден ақша бопсалады деп айыпталған қылмыстық топ құрықталды

Орал қаласында 4 студенттен тұратын қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, олар қаладағы сауда орталықтарының қызметкерлері мен оқу орындарының студенттеріне алаяқтық әрекеттер жасап, тонаушылыққа барып, ақша бопсалады деген күдікке ілініп отыр.

«Аталған деректер бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Төрт күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, олардың колледж студенттері екені белгілі болды. Қылмыстық топқа қатысы бар басқа да адамдарды анықтап, ұстау бағытында жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Осы қылмыстық топтан зардап шеккендер болса, полицияға хабарласу керек», - деп хабарлады ведомстводан.