Оқиға қоғамдық көлік аялдамасында болған.
ERNUR.KZ. Оралда жасөспірім қызға әдепсіз қылық көрсеткен тұрғын ұсталды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Департамент мәліметінше, оқиға 16 қыркүйек күні таңертең қоғамдық көлік аялдамасында болды.
Instagram желісінен мәлім болғанындай, аялдама маңына көлікпен келіп тоқтаған ер адам 15 жастағы жасөспірім қызға қатысты әдепсіз әрекет жасаған.
«БҚО полиция департаменті қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында 1987 жылы туған ер адамды анықтады. Тәртіп бұзушының әрекеті бұзақылық ретінде сараланып, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.


