Оралда жүргізуші куәлігінсіз және нөмірсіз жүрген 21 жастағы тұрғын ұсталды

0
751

Ер адам "Prizma stop" бағдарламасының көмегімен құрықталды.


Оралда жүргізуші куәлігінсіз және нөмірсіз жүрген 21 жастағы тұрғын ұсталды

ERNUR.KZ. Орал қаласында жүргізуші куәлігі де жоқ, көлігінің нөмірі де жоқ 21 жастағы тұрғын ұсталды, деп жазады ulysmedia.kz.

Ер адам "Prizma stop" бағдарламасының көмегімен құрықталды. Жол ережесін бұзғаны үшін жалпы айыппұл сомасы шамамен 700 мың теңгені құрады.

“Lada Kalina автомашинасының жүргізушісі жасаған жол қозғалысы ережелерін бұзған құқық бұзушылықтар БҚО ПД Жедел басқару орталығы қызметкерлерінің назарына ілікті. Полицейлер ұстау әрекеті кезінде көлік жүргізген жігіт жасырынуға тырысып,тіпті ұсталған кезінде қарсылық көрсеткен. Белгілі болғандай, жас жігіттің жүргізуші куәлігі болмаған”, – деп жазды ІІМ-нен.

Құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 612-бабы 4-бөлігі және ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.