Оралдағы жойқын жарылыстан дәмхана қирап қалды

0
1 069

Оқыс оқиғаға қатысты жедел желі іске қосылды.


Оралдағы жойқын жарылыстан дәмхана қирап қалды

ERNUR.KZ. Қазір құтқарушылар үйінділерді тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оқыс оқиғаға қатысты жедел желі іске қосылды, деп жазады baq.kz.

БҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, биылғы жылдың 4 қаңтарында сағат 02:07-де 101 пультіне Орал қаласы Сырым Датов көшесі 52 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына 02:17 жеткен бірінші бөлімше екі қабатты «RIZYQ» дәмханасының ғимаратында алдын ала болжам бойынша газ-ауа қоспасының жарылысы салдарынан ғимараттың 110 ш. м. аумағы қирап, 25 ш. м. аумақта өртеніп жатқаны хабарлады. Өрт сөндірушілердің күшімен қызыл жалын сағат 02:40-та жойылды. Оқиға орнына дереу №1 МӨСБ, № 2 МӨСБ, № 8 ӨСБ, № 5 ӨСБ, өрт сөндірудің кезекші қызметі, жеке құрамнан 39 адам және 13 техника, жедел құтқару жасағынан құтқарушыларынан 8 адам және 2 техника, жедел медициналық жәрдем бригадасы 18 адам, 6 техника, полиция департаментінен 28 адам, 7 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ оқиға орнына БҚО ТЖД басшылығы, «ӨС және АҚЖҚ» ММ, облыс әкімдігі және ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің БҚО бойынша департаменті өкілдері барды. Қазір БҚО ТЖД және облыс әкімдігінің күштерімен қираған үйінділерді тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, қазір зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсету үшін БҚО ТЖД штабында 8 (7112) 55-40-88 нөмірі бойынша жедел желі жұмысы ұйымдастырылды.