Тергеу барысында әйелдің бұрын сотты болғаны анықталды.
фото: Sputnik / Олег Золото
ERNUR.KZ. Оралда пәтерін есірткі притонына айналдырған әйел ұсталды, деп жазады sputnik.kz.
Полиция қызметкерлері пәтердегі есірткі притонын жойды.
"Тінту кезінде тәртіп сақшылары пайдаланылған шприцтері бар полиэтилен пакеттер, шыны, пластик және металл ыдыстардағы сары түсті сұйықтықты, сондай-ақ көкнәр тұқымы бар екі табаны тәркіледі", - делінген хабарламада.
БҚО полиция департаментінің мәліметінше, есірткі притонын бұрын сотты болған 46 жастағы әйел ұйымдастырған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Айта кетейік, "Учаске" шарасы басталғаннан бері облыс бойынша 34 мыңға жуық тұрғын үй, 440-қа жуық жалдамалы пәтер, 3,5 мың саяжай үйі, 826 шаруа қожалығы мен қыстақ тексерілді. Сондай-ақ ішкі істер органдарында есепте тұрған 1 318 адам тексерілді.
Нәтижесінде полицейлер тіркелмеген екі қаруды тәркілеп, үш мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолын кесті.