Оралдық келіншек күйеуін тонап кетті

0
788

​Зачаганск кентінің тұрғыны полицияға тұрмыстық техника мен автобөлшектердің жоғалғаны туралы арыз түсірген.


Оралдық келіншек күйеуін тонап кетті

ERNUR.KZ. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті мәлімдеді, деп жазады exk.kz.

Ер адам тәртіп сақшыларына хабарласып, екі теледидар, тоңазытқыш пен көліктің қосалқы бөлшектері жоғалып кеткенін айтқан. Ұрлық 14-23 сәуір аралығында жасалған.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұрлықты арыз берушінің әйелі жасағанын анықтады. Күдіктіге қатысты "Ұрлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Әзірге әйелдің не себепті ұрлық жасағаны анықталмаған.