Оралдық оқушылар "Өткір көз" роботын ойлап тапты

0
117

Бұл жоба компьютермен жұмыс істеген кезде, көзге салмақ түсірмей, көру қабілетін сақтайды.


Оралдық оқушылар

Фото: freepik

ERNUR.KZ. Ал Оралда мектеп оқушылары Мәскеуде өткен XVIII Халықаралық "Математика және жобалау" олимпиадасының жеңімпаздары атанды, деп жазады zakon.kz.

Байқауда олар өздері жасап шығарған "Өткір көз" роботын таныстырды. Бұл жоба компьютермен жұмыс істеген кезде, көзге салмақ түсірмей, көру қабілетін сақтайды. Зерек жасөспірімдер жайлы келесі сюжетке зер салайық.

"Өткір көз" роботы адам мониторға үңіле түскенде, дыбыстық белгі береді. Яғни қашықтық 50 см-ден кем болмауы тиіс. Және бас пен компьютер бір деңгейде болғаны жөн. Бұған қоса жарты сағат сайын көзге арналған жаттығу жасау туралы ескертеді.

"Екеуміз де көзілдірік тағамыз. 2021 жылдан бастап қашықта оқуға көшірілдік. Компьютер алдында көп уақыт өткізгеннен кейін эргономикалық талаптар сақталмай, көзіміз зақымдануының басты себептерінің бірі болды. Мәселе әрі қарай өзекті болмас үшін осы жобаны жасауға түрткі болды."Расул Зейнолла, Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы

Мейірбек пен Расул үш жыл бұрын бұл жобаны лего платформасында жасаған. Кейін жаңа құрал-жабдықтар алып, роботты жетілдірген. Еңбек еш кетпеді. Халықаралық байқауда сарапшылардың жоғары бағасын алды. Енді жасанды интеллект бағдарламасын енгізіп көрмек.