Өрт сөндірушілерге қосымша жұмыс істеуге рұқсат берілмейді – Смайылов

0
514

​​Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлеріне екінші жұмысқа орналасу құқығы берілмейді.


Өрт сөндірушілерге қосымша жұмыс істеуге рұқсат берілмейді – Смайылов

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.

"Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері денсаулық пен өмірге қауіп төндіретін жоғары психологиялық және дене белсенділігі жағдайында жұмыс істейді, сондай-ақ төтенше жағдайларға ден қоюға тұрақты жедел дайындықта қызмет атқарады. Қойылған міндеттерді орындау үшін қызметкерлер толық демалуға тиіс. Осыған байланысты мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлеріне мүдделі мемлекеттік органдардың екінші қосымша жұмысқа орналасу құқығын беруі орынсыз болып табылады", – деді Смайылов Мәжілістегі Қазақстан Халық партиясы депутаттарының сауалына берген жауабында.

Премьер-министрдің мәліметінше, басқа күштік құрылымдар секілді азаматтық қорғаныс органдары қызметкерлерінің де жалақысын көтеру және әлеуметтік пакетін кеңейту мәселелерін пысықтауда.