Орта Азия елдерінің ортақ тарихы жазылады

0
1 494

Орталықта 8-ғасырда жазылған жалпы ұзындығы 30 метрден асатын қолжазба сақтаулы тұр


Орта Азия елдерінің ортақ тарихы жазылады

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Өзбекстан мұрағатшылары бірігіп ортақ «Жол картасын» жасап, басты құжат аясында арнайы жұмыс тобы да құрылады, деп жазады 24.kz.

Бұл туралы елші Ерік Өтембаев көрші мемлекеттің бас мұрағатшысымен кездесуінде мәлімдеді. Басқосуда екі елдің ғалымдары мен тарихшылары тізе қосып, жазба деректерді жинау арқылы Орталық Азияның ортақ тарихын жазу мәселесі қозғалды.

Мұрағат басшысының айтуынша, орталықта 8-ғасырда жазылған жалпы ұзындығы 30 метрден асатын қолжазба сақтаулы тұр. Демек құжатта сан ғасырлар бойы бауырлас елдердің тарихын дәлелдейтін талай тың деректің бар болғаны рас.

Кездесуде мұрағат саласын, ондағы құжаттарды бүлдіріп алмай кезең-кезеңімен цифрландыру мәселесі де айтылды.