Өскеменде бір күнде екі адамның мәйіті табылды

0
875

Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.


Өскеменде бір күнде екі адамның мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Өскеменде бір күнде қаланың әр түкпірінен екі адамның мәйіті табылды, деп жазады Azattyq Ruhy.



Басылым мәліметінше, бір ер адамның денесі Қабанбай батыр көшесіндегі ойын-сауық мекемесінің жанынан табылды. Ол зорлық-зомбылықпен көз жұмған болуы мүмкін.

«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы бір мәйіт «Тамерлан» СҮ маңындағы кафенің жанынан табылды. Бұл жерде де зорлық-зомбылық себеп болған болуы мүмкін, бірақ егжей-тегжейлі белгісіз.

«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті көз ұзамай ұсталды. Заттай дәлелдемелер алынып, қажетті сараптамалар тағайындалды, болған оқиғаның барлық мән-жайлары белгіленеді», - деп хабарлады ШҚО ПД.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.