Өскеменде ер адамды бір топ жігіт аяусыз соққыға жығып кетті

0
242

​Оқиға дәмханалардың бірінің жанында болды.


Өскеменде ер адамды бір топ жігіт аяусыз соққыға жығып кетті

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Өскеменде ойын-сауық мекемелерінің жанында бір топ жігіт ер адамды аяусыз соққыға жыққаны туралы видео желіде жарияланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Видеоға көңіл бөлсек, жергілікті дәмханалардың бірінде көңіл көтеріп жатқан үш ер адам қарда жатқан адамды соққыға жыққан. Сол сияқты соққыға жығылған адамның өзін қорғай алмай, қозғалыссыз жатқанын байқауға болады. Ал бір топ жігіт оның денесі мен басын жұдырықпен ғана емес, аяғымен де тепкені көрінеді.

Полиция осыған байланысты қылмыстық іс қозғады.

«Күдіктілер анықталып, полицияға жеткізілді. Істің мән-жайын тергеп-тексерудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады ШҚО ПД.

Белгілі болғандай, аяусыз соққыға жығылғаннан кейін ер адам тірі қалған.