Полицейлер жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға, көлікті басқару кезінде мұқият болуға, сондай-ақ жол мен ауа райына сәйкес жылдамдықты таңдауға шақырады.
Сурет: Zakon.kz
ERNUR.KZ. Өскеменде әйел адам рөлге ие бола алмай, көлігімен бес қабатты ғимаратқа соғылды, деп жазады zakon.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметі 2025 жылдың 5 қыркүйегінде Өскеменде Өтепов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің ауласында Subaru Forester маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, ғимаратқа соғылғанын хабарлады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік бір бүйіріне жантая аударылған.
"Жүргізуші тексеру үшін медициналық мекемеге жеткізілді. Басқа зардап шеккендер жоқ", - деп нақтылады полиция қызметкерлері.
Полицейлер жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға, көлікті басқару кезінде мұқият болуға, сондай-ақ жол мен ауа райына сәйкес жылдамдықты таңдауға шақырады. Көлік қозғалысы шектеулі және жаяу жүргіншілердің кенеттен пайда болуы мүмкін тұрғын үйлердің аулаларында сақ болу өте маңызды.