Өскеменде полицейді боқтаған әйел жазаланды

0
274

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.


Өскеменде полицейді боқтаған әйел жазаланды

Сурет: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Өскеменде полиция қызметкерін мас күйде боқтағсн әйел жазаланды, деп жазады zakon.kz.

Өскемендегі № 2 соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, құқық қорғау органы қызметкерін балағаттаған әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды.

"Осы жылдың қыркүйек айында полиция капитаны ер адамға ұрлық фактісінің мән-жайын анықтау үшін полиция бөліміне баруды ұсынған кезде оның әйелі шу шығарған. Мас күйдегі әйел тәртіп сақшысын балағаттай жөнелді. Оның кінәсі бейнежазбамен, жәбірленушінің айғақтарымен және тергеу хаттамаларымен расталды", - делінген хабарламада.

Сот барысында әйел адам өз кінәсін мойындап, бұл ісіне өкінетінінін айтты. Алайда айыпталушының мас күйде болуы жазаны ауырлататын мән-жай деп танылды.

Сот шешімімен әйел 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.