Өскеменде жастар армияға бармас үшін пара беріп құтылмақ болған

0
751

Қылмыстық іс сотқа жіберілген.


Өскеменде жастар армияға бармас үшін пара беріп құтылмақ болған

ERNUR.KZ. Аталған іс туралы бүгінгі брифингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов айтты, деп жазады Ulysmedia.kz.

"ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жасақтау бөлімінің бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол әскерге шақырылушыларға мерзімді әскери қызметтен кейінге қалдырғаны үшін ҚР азаматтарынан бірнеше рет пара алу бойынша күдікті", - дейді ол.

Қылмыстық іс сотқа жіберілген.