Қазір қыздың жағдайы жақсы, тексерістен соң үйіне жіберілген.
ERNUR.KZ. Өскеменде жылы аялдамада шыны құлап, кішкентай қыз зардап шекті, деп жазады Stan.kz.
Оқиға Сәтпаев көшесіндегі жылы аялдамада болған. Ақпаратты ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растаған.
"Зардап шеккен қыз ана мен бала орталығына жеткізілді. Ол жерді мамандар қызды қарап шықты. Қыз жеңіл жарақат алған, тері асты гематома түзілген", - делінген хабарламада.
Қазір қыздың жағдайы жақсы, тексерістен соң үйіне жіберілген.