Өскемендік отбасы коронавирус жұқтырған ұлдарын Мысырда қалдырып кетуіне тура келді

0
1 667

Бұған дейін Қазақстанға ПТР-тесттіз келуге тыйым салынған еді.


Өскемендік отбасы коронавирус жұқтырған ұлдарын Мысырда қалдырып кетуіне тура келді

ERNUR.KZ. Өскемендік отбасы коронавирус жұқтырған кәмелетке толмаған ұлдарын Мысырға тастап кетуге мәжбүр болған. Ата-аналардың сөздеріне сүйенсек, 17 жастағы баланың мемлекетте визасыз жүру мерзімі аяқталуға жақын, деп жазады Stan.kz.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанға ПТР-тесттіз келуге тыйым салынған еді. Төрт адамдық отбасы қайтар кезде ПТР-тест тапсырған көрінеді. Алайда үшеуінің нәтижесі теріс, ал ең үлкен ұлдарының коронавирус жұқтырғаны анықталған. Дегенмен оның бойында аурудың белгілері байқалмапты.

Туроператор отбасыны ұлдарын Мысырда қалдырып, өздерін Қазақстанға оралуға көндірген. Ата-аналары бұған дейін бозбаланың басқа елдерге жалғыз ұшқанына сеніп, солай істепті.

Айта кетейік, әлем бойынша 15 жастан асқан балалар сенімхат арқылы жалғыз ұшуға, ал 16 жастан тіпті сенімхатсыз ұшуға құқылы. Десек те қазақстандық Air Astana мен Scat әуе ұйымдары баланы жалғыз ұшаққа отырғызуға үзілді-кесілді бас тартқан.


"Ата-аналары келіп, ұлдарын өздері алып қайтсын", - депті қос бірдей компания.


Дегенмен бүгінгі күні Мысырға баруға ең жақын рейс те жоқ сыңайлы.

Екінші рет тапсырылған тест те жасөспірімнің коронавирус жұқтырғанын анықтапты. Бұған қоса, аурудың симптомдары да пайда болған. Бала қонақ үйдің бөлмесіне қамаулы екен. Ең сорақысы, отбасының рәсімдеген медициналық сақтандыруы олардың қайтар күні мерзімі өтіп кеткен.


"Қазақстан ПТР-тестсіз азаматтардың елге келуіне тыйым салған еді. Алайда мұндай жағдайда не істеу керектігін ешкім ойламаған. Егер олар мемлекетке келген соң ПТР-тест тапсырып, коронавирус анықталса, онда қазақстандықтар өз отанында ем алатын еді. Бұған қоса, ұшақта барлығы маскамен отырады, биліктегілер болса, маска коронавирустан қорғайтынын ауыз жаппай айтуда. Ең қызығы, бұл бастаманы көтерген "Қамқор" қоры да, оны қолдаған "Атамекен" кәсіпкелер палатасы да ұшақта неше адам коронавирус жұқтырғаны туралы статистика келтіре алмайды.

Не үшін Қазақстанға келген соң ПТР-тест тапсыруға болмайды? Сонда тестке жұмсалған ақша да, азаматта та мемлекетте қалар еді", - деп жазады басылым.


Сонымен қатар, басылым мұндай жағдайға шетелге барған әрбір қазақстандық тап болуы мүмкін дейді. Коронавирус анықталса, олар бөтен елде тентіреп қалуы ғажап емес, деп мысалға келтіреді портал журналистері.