Отандық банктерге елден Ресей рублін әкетуге рұқсат етілуі мүмкін

0
474

Құжатты көпшілік талқылау 5 маусымға дейін жалғаспақ.


Отандық банктерге елден Ресей рублін әкетуге рұқсат етілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Тиісті құжат “Ашық НҚА” порталында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

ҚР Ұлттық Банкі "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.

“Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне Қазақстан Республикасынан қолма-қол Ресей рублін әкетуге рұқсат етілсін. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен (келісім бойынша) бірлесіп осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады”, - делінген қаулы жобасында.

Құжатты көпшілік талқылау 5 маусымға дейін жалғаспақ.