Отбасы банкінде ашылған депозиттерге мемлекеттік сыйақы төлеу жүйесіне өзгеріс енгізіледі

0
124

Қазіргі кезде Отбасы банкте ашылған депозиттерге банктің 2 проценттік сыйақысы, сондай-ақ, жылдың соңында 20 процент көлемінде мемлекеттік сыйақы түседі.


Отбасы банкінде ашылған депозиттерге мемлекеттік сыйақы төлеу жүйесіне өзгеріс енгізіледі

фото: Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Отбасы банкі депозиттеріне мемлекеттік сыйақы төлеу жүйесіне қандай өзгеріс енгізілетінін айтты, деп жазады sputnik.kz.
Әзірше ешқандай өзгеріс жоқ. Бірақ үкімет мемлекеттік сыйақыны әлеуметтік осал топтарға ғана төлеуді қарастырып жатыр.
"Біз мемлекеттік сыйақыны кімге және қандай топтарға беру керектігін қарап жатырмыз. Мысалы, кейбір азаматтардың жағдайы жаман емес, Отбасы банкі арқылы бір емес, екі пәтер алған. Сондықтан болашақта барлығы бірдей мемлекеттік сыйақы алмауы мүмкін. Әлеуметтік осал топтарға, табысы төмен азаматтарға ипотека алу үшін көмек ретінде берілетін болады", - деді Байбазаров сенатта өткен брифингте.
Айта кетері, қазіргі кезде Отбасы банкте ашылған депозиттерге банктің 2 проценттік сыйақысы, сондай-ақ, жылдың соңында 20 процент көлемінде мемлекеттік сыйақы түседі.