​Отбасы мен баланы қорғау Конституцияның негізгі қағидаты болып қала береді — Динара Зәкиева

0
98

Конституция жобасында отбасы, неке, ата-ана мен баланы қорғау мәселелері бұрынғыдай мемлекеттің ерекше қамқорлығында қалады.


​Отбасы мен баланы қорғау Конституцияның негізгі қағидаты болып қала береді — Динара Зәкиева

Фото: видеодан алынған скрин

ERNUR.KZ. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның бесінші отырысында мәлімдеді, деп жазады inform.kz.

Уәкілдің айтуынша, Конституция жобасының 27-бабында неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болатыны бекітілген. Сондай-ақ балаларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі міндеті ретінде белгіленген.

Сонымен қатар ол бұл нормалар тек декларация емес, мемлекеттік саясат пен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы практикалық жұмыстың негізі болып отырғанын айтады. Соңғы бір жылда ғана балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 51 мыңнан астам жағдай тіркеліп, мемлекет тарапынан құқықтық қорғау шаралары қабылданған.
— Бұл нормалардың ең басты маңызы балалардың өмірінде көрініс табатыны. Әрбір көрсеткіштің артында баланың тағдыры мен отбасылардың өмірі тұр, — деді Динара Зәкиева.