Мұрат Нұртілеудің айтуынша, өткен аптада ол жұмыста болған.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Қазақстанның премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Жолдау алдында үкімет үйінде журналистердің алдына шықты, деп жазады stan.kz.
Министр өзінің ұсталғаны туралы ақпараттың жалған екенін айтып, жоққа шығарды.
“Бұл – өтірік, сандырақ. Менің ойымша, ондай адамдар көктемде де, күзде де ... Тіпті, айтарға сөз жоқ”, – деді ол.
Мұрат Нұртілеудің айтуынша, өткен аптада ол жұмыста болған.
“Жұмыста жиналыстарым болғанын көрдіңіздер, басқа елдердегі әріптестермен телефон арқылы сөйлескенімді білесіздер, инвесторлармен жұмыс кездесулері өтті. Барлығы әдеттегідей. Тиісті органдар бар, қажет болса, солар айналыссын. Мен мұны өз басыма қабылдағалы отырған жоқпын", – деді шенеунік.
Еске салайық, бұған дейін журналист Гүлнар Бажкенованың ("Orda" және "Bazhkenova vs.") ресурстарында Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу пен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы бұл ақпаратты жоққа шығарды.