Өткен қыста ел автожолдарында 280 астам дам құтқарылды

0
138

2024-2025 ж. қыс мезгілінде жол қызметі автожолдарды күтіп-ұстау бойынша ауқымды жұмыс атқарып, жүргізушілерге қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысты қамтамасыз етті.


Өткен қыста ел автожолдарында 280 астам дам құтқарылды

ERNUR.KZ. Қысқы жұмыстар аясында жолдардан шамамен 31 млн текше метр қар тазаланып, 22 мың ағаш қар ұстау қалқандары орнатылды. 11 мың шақырым қар ұстау траншеялары мен біліктері жасалды. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев ОКҚ брифингінде осылай деп мәлімдеді.

«Қатты боран кезінде 286 адам құтқарылып, 173 автокөлік қар құрсауынан шығарылды. 1403 байланыс орталығының диспетчерлері 477 мың өтінішті өңдеді. 2025 жылы 437 бірлік арнайы техника сатып алынды. Нәтижесінде техниканың жалпы саны 2805 бірлікке жетіп, бұл қажеттіліктің 38%-ын құрады. Биыл жылдың соңына дейін қосымша 683 бірлік арнайы техниканы алу жоспарлануда. Арнайы техниканы сатып алудың нәтижесінде 2024–2025 жылдардағы қысқы кезеңде жолдарда қозғалысты шектеу өткен жылмен салыстырғанда екі есеге азайды», – деді «ҚазАвтоЖол» компаниясының басшысы.

Сонымен қатар биылғы су тасқыны кезеңінде республикалық автожолдарда 17, ал былтыр 178 су алу фактісі тіркелген. Су тасқынына қарсы іс-шараларға 1038 бірлік техника және 1700 қызметкер жұмылдырылды. Шамамен 9 мың су өткізгіш құбырлар тазартылып, 78 500 текше метр инертті материал әзірленді.

Айта кетерлігі, 2025 жылғы 1 мамырдан бастап республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының сапасын тексеру бойынша кең ауқымды «Халықтық бақылау» жобасы іске қосылады. Жобаның мақсаты – ел азаматтарын салынып жатқан республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша қоғамдық бақылауға шақыру. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы өз кезегінде анықталған кемшіліктер мен мәселелерге ден қойып, оны қысқа мерзімде шешуді қамтамасыз етпек.

Жобаға қатысу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыру керек. Нысандарды аралау кестесін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының ресми сайтынан көруге болады.