Әскердегі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2022-2024 жылдарға арналған әскердегі құқық бұзушылықтардың алдын алудың үш жылдық бағдарламасы іске асырылып жатыр.
ERNUR.KZ. Өткен жылы 2 мыңнан астам әскери қызметші жауапқа тартылды. Бұл туралы Берік Асыловтың төрағалығымен өткен Бас прокуратура алқасының отырысында белгілі болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Бас Прокурор әскери қызметшілер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерінің өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.
Бас әскери прокуратура 2023 жылы әскери қауіпсіздік саласындағы заңдылықтың жай-күйіне 363 тексеру және 153 талдау жүргізді.
Олардың нәтижелері бойынша әртүрлі жауапкершілікке екі мыңнан астам тұлға тартылды.
Қадағалау актілері бойынша «Әскери құрылыс Астана» ЖШС-нің 4 мыңға жуық қызметкерінің 270 млн теңгеден астам сомаға жалақысы берешегі өтелді.
Әскердегі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2022-2024 жылдарға арналған әскердегі құқық бұзушылықтардың алдын алудың үш жылдық бағдарламасы іске асырылып жатыр.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 2023 жылы қылмыстық құқық бұзушылықтардың 4,2% - ға, оның ішінде аса ауыр құқық бұзушылықтардың 30% - ға, ауырлығы орташа - 3,1% - ға, теріс қылықтардың 24% - ға төмендеуіне қол жеткізілді.
Отырыс барысында оқ-дәрілерді сақтау мәселелері, сондай-ақ басқа да өзекті тақырыптар жеке талқыланды.


