"Өз ісінің шебері еді": Шарында селден қайтыс болған мұғалім жайлы дерек шықты

0
546

Экскурсия демалыс уақытында болғандықтан мектеп әкімшілігімен келісілмеген. Білім басқармасы оқиғаның мән-жайын зерттеп жатыр.


ERNUR.KZ. Шарын шатқалында селден көз жұмған мұғалім кейінгі 3 жылда Алматыдағы №199 гимназияда жұмыс істеген. Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға кезінде ол балаларға көмектескен, деп жазады sputnik.kz.

Алматы қаласы білім басқармасының мәліметінше, 26 жастағы Мерей Ибрагимов көркем пәндерден сабақ берген. Жұмыс өтілі – 5 жыл. Оның 3 жылында Алматы қаласындағы №199 гимназияда жұмыс істеген.

ріптестерінің айтуынша, Мерей өте жауапты маман болған.

"Барлық оқушының сүйікті ұстазы, өз ісінің шебері еді. Ерекше шығармашылық адамы, көшбасшы, мақсаты айқын ұстаз болатын. Жан-жағындағыларға күлкі сыйлап жүретін", - дейді марқұмның әріптестері.

Айта кетейік, 29 мамыр күні Алматы облысында Шарын шатқалының төменгі бөлігінде сел жүрді. Сол күні Алматыдағы №199 гимназияның 8 оқушысы шатқалға экскурсияға шыққан. Оларды 5 ата-ана мен 3 мұғалім ертіп жүрген.

Қайғылы оқиға салдарынан оқушы мен мұғалім көз жұмды, тағы бір оқушы жоғалып кетті. 30 мамырда сел ағызып әкеткен қыз аман-есен табылды.

"Экскурсия демалыс уақытында болғандықтан мектеп әкімшілігімен келісілмеген. Білім басқармасы оқиғаның мән-жайын толық зерттеп жатыр. Қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығуын тілейміз. Құрметті ата-аналар, демалыс кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске саламыз", - деді Алматы қаласы білім басқармасы.