Өз қызына қорлық көрсеткен қазақстандық өмір бойына сотталды

0
95

Сотталушы Ж. кінәсін толық мойындаған.


Өз қызына қорлық көрсеткен қазақстандық өмір бойына сотталды

Фото:Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында өз қызына қорлық көрсеткен әке өмір бойына сотталды, деп жазады tengrinews.kz.

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін айыпталған Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта не анықталды?

2025 жылы 25 сәуірде сотталушы Ж. Қордай ауылындағы өзінің тұрғылықты мекен-жайында мас күйде жәбірленуші (2019 ж.т.) Р.-дың дәрменсіз күйін пайдаланып, әкесі бола тұра, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған.

Сотта жәбірленуші тарап сотталушыны кешірмей, заң бойынша жаза тағайындауды сұраған. Сотталушы Ж. кінәсін толық мойындаған.

Сот үкімі

Сот үкімімен ер адам ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сот моральдық зиянның өтемі ретінде 5 млн теңге өндірді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.