Ер адам ел астанасындағы базарлардың біріне көлік сатып алуға барған.
фото: Скриншот видео МВД Узбекистана
ERNUR.KZ. Ташкентте полицейлер метрополитенде жоғалтып алған 10 мың долларын Қазақстан азаматына қайтарды, деп жазады sputnik.kz.
Өзбекстан Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ақшаны метро станцияларының бірінде қауіпсіздік қызметінің қызметкері тауып алған. Ақша иесі бейнебақылау камералары арқылы анықталған.
Кейін қазақстандық бұл ақшаға көлік сатып алуды жоспарлағанын, алайда мәміле жасалмағанын айтқан.


