Аталған тас жолдың құрылыс жұмыстарына 108 миллион АҚШ доллары жұмсалған.
ERNUR.KZ. Бүгін «Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы» халықаралық автожолының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп жазады inbusiness.kz.
Бұл халқаралық автомагистральді қайта жөндеу туралы келісімге екі ел тарапынан 2017 жылдың 23 наурызында Нұр-Сұлтан қаласында қол қойылған болатын.
Автомагистральдің жалпы ұзындығы 84 шақырымды құрайды. Аталған тас жолдың құрылыс жұмыстарына 108 миллион АҚШ доллары жұмсалған. «Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы» тасжолы екі елдің де экономикасының дамуына, тауар айналымына оң ықпал етпек.