Эпидемиологиялық жағдай тұрақталмаған елдерден Өзбекстанға ұшатын («Қызыл рейстер») жолаушылар ұшудан 72 сағат бұрын ПТР әдісімен ғана жасалған тесттің қорытындысын ұсынуы керек.
ERNUR.KZ. Қазақстан Өзбекстан мен Қырғыз Республикасымен әуе рейстерін жандандыратын болды, деп жазады ҚазАқпарат.
«Ведомствоаралық комиссияның шешімімен 10 қыркүйектен бастап Өзбекстан және Қырғыз Республикасымен әуе рейстерін жанданатын болды», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне ҚР ИИДМ баспасөз қызметінен.
Еске сала кетсек бұған дейін Өзбекстан әуе желілерінің Қазақстанмен тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіргелі отырғаны хабарланған болатын. Эпидемиологиялық жағдай тұрақталмаған елдерден Өзбекстанға ұшатын («Қызыл рейстер») жолаушылар ұшудан 72 сағат бұрын ПТР әдісімен ғана жасалған тесттің қорытындысын ұсынуы керек. Сертификат ағылшын немесе орыс тілдерінде болуы тиіс.