Өзін жұмыспен қамтып отырған қазақстандықтар «тәуелсіз жұмыскерлер» аталуы мүмкін

0
1 127

Жаңа әдістеме Халықаралық Еңбек ұйымының нұсқауымен жасалған.


Өзін жұмыспен қамтып отырған қазақстандықтар «тәуелсіз жұмыскерлер» аталуы мүмкін

ERNUR.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған адамдар жаңа классификацияға енгізілетінін айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, жаңа әдістеме Халықаралық Еңбек ұйымының нұсқауымен жасалған.

«Қазір әлемде өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған адамдарды санатқа бөлу жүйесі өзгеріп барады. Халықаралық Еңбек Ұйымы қазір жаңа санат ойлап тапты. Жақында бұл классификация статистика туралы конференцияға шығарылады», - деді Мәдина Әбілқасымова.

Оның айтуынша, ХЕҰ аталған классификация шеңберінде екі тәсілді ұсынады: бірі құзырға қарай болса, екіншісі экономикалық тәуекелге байланысты болмақ.

«Құзырына қарай жұмыскерлер тәуелді жұмысшылар және тәуелсіз жұмыскерлер деп екіге бөлінетін болады. Экономикалық тәуекелдер бойынша табысқа бағытталған немесе жалақыға бағытталған жұмыскерлер болады. Жаңа классификация жұмыс істейтін халықты 10 санатта жіктейтін болады. ХЕҰ конференциясында мақұлданған соң аталған жүйе Қазақстанға да енгізіледі», - деді министр.

«Өзін-өзі жұмыспен қамтушы деген түсініктен бас тартамыз ба сонда?», - деп сұрады экономист Рахим Ошақбаев.

«Жаңа классификация енгізілген соң ХЕҰ әр елге таңдаған тәсіліне қарай өтуге белгілі бір уақыт береді. Біз аталған тәсілдің бірін таңдайтын боламыз. Өзін өзі жұмыспен қамтушы «тәуелсіз жұмыскер» атанатын болады. Жаңа жүйе қазан айында енгізіледі. Біз осы бағытта Ұлттық экономика министрлігімен тығыз жұмысты бастап кеттік. ХЕҰ тарапынан мақұлдауды күтіп отырмыз», - деді Мәдина Әбілқасымова.