ERNUR.KZ. Нәзік жандылар қауымының төл мерекесі қарсаңында гүл бизнесінің ерекше қызатыны белгілі. Бұл сәтті тек гүл сатушылар ғана емес, оны өзіне сыйлыққа алушылар да ұтымды пайдаланып қалмақ болған. Желіде тараған мына бір хабарландыру соған дәлел бола алады. Онда әлдекім бойжеткен өзіне тарту етілген кереметтей раушан гүлдерді ғаламтор арқылы сатылымға шығарып, пайда көргісі келгенін аңғаруға болады.

«Өзіме сыйлық ретінде берілген голландық раушан гүлдерін сатамын. 11 дана. Өте әдемі гүл шоғы. Мұндай гүлдер кемінде 7500 теңге тұрады. Биіктігі бір метр» деп жазылған хабарландыруда тауардың бағасы 6000 теңге екені көрсетілген. Мұнымен қоса бойжеткен бұл гүл шоғын өзі бүгін сыйға алғанын атап өткен. Ал хабарландыру арада бір сағат өткен соң ілінген. Ерекше жарнаманы оқыған желідегілер бойжеткеннің пысықтығына тәнті болып, тіпті күлкіге айналдырды. «Қазақша бизнес қой», «Сосын ол ақшаға сен 9 мамырда сыйлық аласың ба?», «Гүлден гөрі ақша керек болған ғой. Күлкілі...»,"Пысық қыз екен»,«Бизнес бастауды" оқыған ғой мына қыз», «Басы істейді екен мына қыздың, күшті идея ғой», «Бұл бар болғаны бизнес. Басқа ештеңе емес» деп жазды желі қолданушылары. Дегенмен жарнама иесін бұл әрекеті үшін сөккендер де жоқ емес.
«Өзіне сыйға тарту етілген гүлді осылайша сатпақ болса, тым төмен түсіп кеткен екен», «Ұяты жоқ, өзіне сыйға тарту етілген гүл шоғын қалайша сатпақ? Бағаламайды екен» деп жазды желідегілер.
Пікір қалдырушылар арасында гүлін сатпақ болған жанға түсіністікпен қарап, жақтап шыққандар да болды.
«Гүл емес, оның ақшасын беру керек еді бұл қызға»,«Бұлай жасайтындар жалғыз бұл қыз емес», «Ақша қатты қажет болған соң осындай қадамға барған шығар», «Жігіттер, ендеше гүл сыйламаңдар қыздарыңа. Оның орнынан өзге сыйлық беріңдер немесе ақшалай сыйлық жасаңдар", «Дұрыс қой, тұра берсе текке солып қалады. Қайта ақшасы қалады», «Менің гүлімді осылай сатып беріңдерші», «Сондықтан қыздарға қажет сыйлық жасаңдар» деп бір-біріне кеңес берді жарнаманы көрген қазақстандықтар.