Осы аптаның басында «Палау орталығында» өрт салдарынан қаза болғандардың саны 11-ге жеткені хабарланды.
Фото: Оксана Матасова/Kazinform
ERNUR.KZ. ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Щучинск қаласында дәмханадағы өрттің себебін тексеруге қатысты түсінік берді, деп жазады inform.kz.
- Өкінішке қарай, 11 адам көз жұмды. Премьер-министрдің тапсырмасымен мемлекеттік комиссия құрылған. Осы оқиға бойынша іс қозғалды. Қазір тиісті сараптамалар жүзеге асырылып жатыр. Сондықтан оның нәтижесі бойынша жарылыстың себебін жариялаймыз, - деді К.Тұрсынбаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Бұл тұрғыда ол бірнеше сараптама түрі жүріп жатқанын, осы жұмыстарға 3 айдан жарты жылға дейін уақыт керек екенін атап өтті.
Еске салайық, ақпан айының соңында Щучинскідегі дәмханада газ жарылысы салдарынан алты адамның қаза тапқаны хабарланған еді.
3 наурызда оқиға салдарынан қаза болғандардың саны 9 адамға жеткені мәлім болды.
Ал осы аптаның басында «Палау орталығында» өрт салдарынан қаза болғандардың саны 11-ге жеткені хабарланды.
Көкшетау мамандандырылған тергеу соты Щучье қаласындағы «Палау орталығы» кафесінің иесін қамауға алу туралы шешім шығарды.


