Пандемия еңбек нарығына кері әсерін тигізгенін.
ERNUR.KZ. Бұл туралы ОКҚ алаңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов халықты жұмыспен қамтамасыз ету тақырыбы аясында өткен брифингте айтты, деп жазады baq.kz.
Ол пандемия еңбек нарығына кері әсерін тигізгенін жеткізді.
Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша жұмыс күшінің саны 9,2 млн-ды құрайды. Оның ішінде жалдамалы жұмыста 6,7 млн адам жұмыс жасады. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 2 млн-ды құрайды. Сонымен қатар былтырғы жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыздар саны 449 мың адамды (4,9%) құрады. 2018 жылмен салыстырғанда 43 мың адамның жұмыс күші көбейді, - деді вице-министр.
Мәліметке сәйкес, өзін-өзі жұмыспен қамтитын адамдардың саны 37 мыңға азайды.
Былтырғы қиын кезеңдегі жағдайды қарасақ, мысалы 2019 жылдың төртінші тоқсаны қорытындысы бойынша жұмыс істемейтіндердің саны 99 мың болса, 2020 жылдың екінші тоқсанында уақытша жұмыс істемейтіндер саны 536 мыңды құрады, яғни 4,5 есе көбейді, - деп түсіндірді Ержан Біржанов.
Тиісті шараларды қолданудың арқасында жыл аяғында бұл көрсеткіш төмендеп, уақытша жұмыс істемейтіндер саны 147 мыңды құрады.