Оның тойда тілек айтушылар қатарында тұрғаны әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.
Фото: Бейнежазбадан
ERNUR.KZ. Бақытгүл Хаменова Атырау облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарса, экс-депутат ретінде де танымал, деп жазады inbusiness.kz.
Бейнежазбадан оның шенеуніктер мен полиция қызметкерлерімен бірге алдыңғы қатарда тілек айтқалы тұрғанын байқау қиын емес.
Еске салайық, Бақытгүл Хаменова Абай ескерткішін орнату кезінде 4,5 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін 7 жылға сотталған еді. Сонымен қатар, сот шешімімен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, мүлкі де тәркіленді.
Атырау облыстық соты аталған жайтқа қатысты пікірі білдірді.
– Үкімнің орындалуы 3 жыл мерзімге кейінге қалдырылған. Бұл шешім сотталушының асырауындағы екі жас баласының болуына байланысты қабылданды, – деп хабарлады Атырау облыстық соттың баспасөз қызметі.
Бірнеше жыл бұрын Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлім еткен болатын.


