Ақтөбедегі жол апаты: ауруханаға түскен алты адамның екеуі комада жатыр

0
105

Зардап шеккен баланың жағдайы өте ауыр.


Ақтөбедегі жол апаты: ауруханаға түскен алты адамның екеуі комада жатыр

фото: polisia.kz

ERNUR.KZ. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы жантүршігерлік жол апатынан жарақат алғандардың жағдайы туралы айтып берді, деп жазады sputnik.kz.
Қазіргі кезде 6 науқас Ақтөбенің медициналық мекемелерінде емделіп жатыр. Екеуі комада. Олардың біреуі – 16 жастағы жасөспірім.
"Зардап шеккен баланың жағдайы өте ауыр. Ол көпсалалы облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр", - дейді дәрігерлер.
Ал төрт науқас қалалық көпсалалы ауруханаға түскен. Үшеуінің жағдайы жақсарып келеді. Біреуі әлі комада. Алтыншы науқас облыстық көпсалалы ауруханада ем алып жатыр.
Айта кетепі, 23 қазанда таңғы сағат 08:40 шамасында Ақтөбе облысында Белқопа ауылының маңында жантүршігерлік жол апаты болып, 12 адам көз жұмды.