Паратаеквондошы Нышан Өмірәлінің неден қайтыс болғаны анықталды

0
140

Өмірден озған Нышан Өмірәлі паратаеквондодан екі дүркін әлем чемпионы (Мәскеу, 2014, Лондон, 2017), Азия чемпионатының күміс жүлдегері (Хошимин-2022), пара Азия ойындарының күміс жүлдегері (Ханчжоу-2023), екі дүркін Паралимпиада ойындарының қатысушысы болатын.

Паратаеквондошы Нышан Өмірәлінің неден қайтыс болғаны анықталды

Фото: olympic.kz

ERNUR.KZ. Белгілі болғандай, 1 қазанда сағат 22.15 шамасында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автожолының 542-шақырымында "Ниссан Максима" маркалы автокөлігінің жүргізушісі Түркістан облысынан Тараз қаласына келе жатып, жолдың жүріс бөлігінде түйемен соқтығысқан. Автокөліктің салонында жүргізуші жалғыз болған, деп жазады inbusiness.kz.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам Тараз қаласындағы №1 қалалық ауруханасына жеткізу барысында алған дене жарақатынан қайтыс болды.

Полиция қызметкерлері ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Жауапкершілікке тарту үшін мал иесін іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.