Париж төріндегі Паралимпиада: Дүбірлі дода басталды

0
336

28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында 22 спорттан 549 медаль жиынтығы сарапқа салынады.


Париж төріндегі Паралимпиада: Дүбірлі дода басталды

ERNUR.KZ. Франция астанасы Париж шаһарында XVII Паралимпиада ойындары ресми түрде жалауын желбіретті. 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында 22 спорттан 549 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Бұл ретте, 167 делегация қатарында 4400 спортшы жүлдеге таласады. Олардың қатарында 44 қазақстандық бар, деп жазады inform.kz..

Дүбірлі доданың шымылдығы Париждың жүрегі саналатын әйгілі Champs-Élysées бульвары мен Place de la Concorde алаңында ашылды. Бұл орындар Францияның тарихы мен мәдениетінің символы ретінде аса танымал. Содан болар, Паралимпиада ойындарына жолдама алған спортшылар мен бапкерлерді, меймандарды қарсы алуға арнайы таңдалған.

Параолимпиада ойындарының ашылуына Франция президенті Эмманюэль Макрон және халықаралық паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонс қатысты.
Соңғы 7 жылда Паралимпиаданы ұйымдастырушылар қалалық ортаны инклюзивті ету үшін Парижге шамамен 125 миллион еуро инвестициялаған. Қазір көше қиылыстарында көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған 10 400-ге жуық акустикалық жүйе орнатылған.
2004 жылы Афиныдан бері әрбір Паралимпиада ойындарында медальдар саны бойынша көш бастап келе жатқан Қытай биыл 282 спортшысына сенім артып отыр.

Бразилия 255 спортшысымен екінші орында тұр. Жарысты қабылдаушы ел Франция 237 спортшымен қатысады. АҚШ құрамында 220, Ұлыбритания сапында 201 спортшы бар.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасы кімдерге сенім артатынын сараптап көрген едік.