Павлодар ауданында төрт тонна шөп пен қора жанып кетті

0
618

Адамдардың өмірі мен мүлкіне қауіп төнген жоқ.


Павлодар ауданында төрт тонна шөп пен қора жанып кетті

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Павлодар ауданында төрт тонна шөп пен қора жанып кетті. Чернорецк ауылында Лермонтов көшесі 2 мекенжайы бойынша орналасқан шаруашылық аумағында 80 шаршы метр ағаш қора жанды, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 26 мамыр күні сағат 11.00-де түскен. Сағат 13-58-де сөндірілді.

«Сарай төбесінің үш шаршы метр ағаш құрылымы, ағаш қоршау өртенді. Тілсіз жауды төрт адам мен бір техника, өрт сөндіру бекетінен төрт адам сөндірді», - деді департаментте.

Сондай-ақ 24 мамырда сағат 22.53-те Павлодар ауданының Чернорецк ауылында өрт шыққан.

«Советов көшесі, 4 мекенжайы бойынша шаруашылық ауласының аумағында ауданы 56 шаршы метр сарайдың ағаш конструкциялары және 30 шаршы метр ауданда қи жанған. Тілсіз жау сағат 00.50-де жойылды. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда», - деді департаментте.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін оқиға орнына Чернорецк ауылының өрт сөндіру бекеті келген. Өрт сөндірушілер келген соң ТЖД сарайдағы өртті сөндіріп, басқа құрылыстарға таралуына жол бермеді.

Адамдардың өмірі мен мүлкіне қауіп төнген жоқ.