Павлодар мұнай зауытында жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды

0
1 127

Павлодар мұнай-химия зауыты жөндеу жұмыстарын мерзімнен бұрын аяқтап, іске қосу операцияларын бастады.


Павлодар мұнай зауытында жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды

Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметінен мәлім еттіі, деп жазады ktk.kz.


1 қарашадан «ПМХЗ» ЖШС барлық өнім түрлерін қайта шығара бастайды. Қолайсыз климаттық жағдайларға қарамастан, зауыт жөндеу жұмыстарын мерзімнен бұрын орындап шықты.

«Барлығы 933 бірлік технологиялық құбырдың, 19 бірлік техникалық бу құбырдың және 300 бірлік құрал-жабдықтың техникалық куәландырылуы, ревизиясы мен сараптамасы жүргізілді. Зауытты жөндеу барысында бірқатар ірі жұмыстар атқарылды: мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінде колонна ауыстырылды, құрамында сутегі бар газ желісі мен су қайнатқышы жөнделді, мұнайды терең өңдеу өндірісінде пештердің газ өткізгіштері, трансферлік желі, қосарланған жылу алмастырғыш пен сепараторлар ауыстырылды. Мұнайды бастапқы және терең өңдеу өндірістерінде биіктігі 180 және 120 метр түтін мұржаларының коррозияға қарсы қорғау жұмыстарын атап өткен жөн. Жөндеуге кәсіпорын қызметкерлерінен бөлек, мердігерлік ұйымдардың 1241 жұмыскері жұмылдырылды», - делінген компания мәліметінде.