Павлодар облысында есік ашпаған пәтерлерден екі адамның өлі денелері табылды

0
475

7 қазанда құтқарушылар есіктерді ашу бойынша 4 рет шыққан.


Павлодар облысында есік ашпаған пәтерлерден екі адамның өлі денелері табылды

ERNUR.KZ. Қайығылы жағдайдың бірі Павлодар қаласында, екіншісі Екібастұзда тіркелді, деп жазады Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 7 қазанда құтқарушылар есіктерді ашу бойынша 4 рет шыққан.

"Кешкі сағат 20.20-да Екібастұзда Амангелді көшесінде жеке секторда ер адам есікті ашпады, үйден мәйіттің иісі шыққан. Құтқарушылар полиция қызметкерлері мен туыстарының қатысуымен арнайы құралмен есікті ашты. Бөлмелердің бірінде 1968 жылы туған ер адам тіршілік белгілері жоқ күйінде табылды", - дейді департаментте.
Осындай жағдай Павлодар қаласында да орын алды. Түнгі сағат 11-де инсульттан кейін ер адам есікті ашпаған. Әдеттегідей, құтқарушылар полиция қызметкерлері мен туыстарының қатысуымен арнайы құралмен есікті ашты. Бөлмелердің бірінде 1974 жылы туған ер адам өлі күйінде табылды.


Сондай-ақ алғашқы хабарлама сағат 17.10-да Н.Назарбаев даңғылы 44 мекенжайы бойынша түскен Бала пәтердің есігін ашпай қойған, ата-анасы кіре берісте болған. Құтқарушылар келген бойда полиция қызметкерлері мен ата-аналардың қатысуымен пәтерге балкон арқылы, жылжымалы баспалдақтар мен арнайы құралдардың көмегімен кірді.

Екібастұз қаласындағы екінші оқыс оқиғаға құтқарушылар сағат 18-51-де шықты. Мәшһүр Жүсіп көшесінің бойында 1945 жылы туған жалғызбасты әйел пәтердің есігін аша алмады. Құтқарушылар полиция қызметкерлерінің қатысуымен арнайы құралдармен есікті ашты.

Екі жағдайда да бала мен әйел адам аман болды.

Барлық жағдайда облыс бойынша шақыру орнына ТЖД жеке құрамынан 16 адам және 4 техника, «102» қызметі шықты.

Осындай жағдайларды болдырмау үшін Павлодар облысының ТЖД облыстың барлық азаматтарынан қарт адамдарды үйде жалғыз қалдырмауды сұрайды.