Өткен дамалыс күні облыста екі жазатайым оқиға тіркелді.
ERNUR.KZ. Павлодар облысында кішкентай нәресте мен жас жігіт суға батып кетті, деп жазады Рavlodarnews.kz.
«1 тамыз күні сағат 18.00-де Ақсу ауылдық аймағының Пограничник ауылында 2020 жылы туған бала ата-анасының қарауынсыз қалған. Үйінде 10 литрлік су тұрған ыдысқа құлап, батып кетті. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Сондай-ақ сол күні сағат 01.40-та Усолка өзенінен шомылу кезінде суға батып кеткен 22 жастағы жігіттің денесі табылды. Куәгерлер бар.