Қаржы мониторингі органдары Павлодар облысындағы Екібастұз ГРЭС-1 аумағында майнинг дата-орталықтарының үздіксіз жұмыс істеуі үшін электр энергиясын заңсыз тұтыну дерегін анықтаған.
ERNUR.KZ. Павлодар облысындағы ГРЭС-1 желілеріне майнинг дата-орталықтары заңсыз қосылған, деп жазады Tengrinews.kz.
Қаржы мониторингі органдары Павлодар облысындағы Екібастұз ГРЭС-1 аумағында майнинг дата-орталықтарының үздіксіз жұмыс істеуі үшін электр энергиясын заңсыз тұтыну дерегін анықтаған.
"Электр энергиясы екі кәсіпорын атына лицензиясы жоқ жеке ЖШС-дан келіп түскен. Алдын ала қорытынды бойынша, шығарындыдан түскен кіріс сомасы 805 миллион теңге болды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне қатысты өзге мәлімет жария етілмейді", - делінген хабарламада.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
