Павлодар облысындағы демалыс орнында ер адамды пышақтап кетті

0
450

Полицейлер қайғылы оқиға 22 шілдеде болғанын атап өтті.


Павлодар облысындағы демалыс орнында ер адамды пышақтап кетті

Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы демалыс орындарының бірінде ер адамды пышақтап өлтірді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінде мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер қайғылы оқиға 22 шілдеде болғанын атап өтті.

"Сағат 20:00-де Баянауыл ауылындағы «Жасыбай» демалыс орнында алкогольдік ішімдіктерді бірлесіп ішіп, жанжал туындаған кезде Павлодар қаласының 35 жастағы тұрғыны 51 жастағы Павлодар тұрғынын пышақтап кеткен. Алған жарақатынан ер адам сол жерде қайтыс болды", - деді,Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

"Осы факті бойынша полицейлер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің106 бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Күдікті Баянауыл ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды"
.- Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.