Павлодар облысындағы полицейде қос азаматтық болған

0
937

Биыл 11 айда қос азаматтықтың 431 фактісі анықталған.


Павлодар облысындағы полицейде қос азаматтық болған

ERNUR.KZ. Павлодар облысындағы ішкі істер органында қызмет еткен маманда қос азаматтық болған. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.


«Биылдың 11 айында қос азаматтықтың 431 фактісін анықтадық. Оның ішінде Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарындағы екі факті бойынша мемлекеттік қызметшілерге қатысты болды», - деді А. Калайчиди депутаттар сұрағына жауап бере отырып.


Осы орайда ол бұл бағыттағы жұмыстар ТМД елдерінің құқық қорғау органдары арасында тиісті конвенциялар аясында іске асырылып жатқанын жеткізді.

Алексей Калайчиди әзірге Ресеймен арада оңтайлы жауап болмай тұрғанына тоқталды.


«ТМД-ның басқа елдерімен аталған мәселеде айтарлықтай тығыз қарым-қатынас орнатылған. Біз осындай ақпараттарды тексеріп жатырмыз. Атап айтқанда, Павлодар облысындағы жағдай бойынша ішкі істер органының қызметкері анықталды. Әріптестермен өзара түсіністік бар, барша әлемде бұл бағыттағы жұмыстар ресми сауалдар мен жедел атқару жұмыстары негізінде іске асырылады», - деді ол.