Павлодарда 14 жастағы қызға азғындық жасаған ер адам 20 жылға сотталды

0
213

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Павлодарда 14 жастағы қызға азғындық жасаған ер адам 20 жылға сотталды

Фото: tver.mk.ru

ERNUR.KZ. Павлодарда 48 жастағы педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады inbusiness.kz.

Іс материалдарына сәйкес, 14 жастағы жәбірленуші сотталушының пәтеріне күшігін алып кетуге келген. Ер адам жасөспірімді келесі күні таңғы алтыға дейін үйінде күштеп ұстаған.

Ол қорқыту арқылы қызды ата-анасына қоңырау шалып, құрбысының үйінде қалатынын айтуға мәжбүрлеген. Сотталушы қызды зорлап қана қоймай, видеоға түсіріп алған.

Таңертең мектеп оқушысы бірден полицияға хабарласқан. Ер адам сол күні ұсталды.

Сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен және сот-медициналық сараптама қорытындысымен дәлелденді.

"Кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты педагогикалық және лауазымды қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – деді Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлан Қайырбеков.

Сот бас бостандығынан айыру жазасынан бөлек, жәбірленушіге моральдық шығын, 7 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттеді.