Павлодарда аула сыпырып жүрген әйелдің басына гүл шоғы түсті

0
1 207

​Оқиға қала тұрғыны Малайсары батыр көшесіндегі банктердің бірінің аумағын тазалап жүрген кезде болған.


Павлодарда аула сыпырып жүрген әйелдің басына гүл шоғы түсті

ERNUR.KZ. Павлодарда ер адам кеуіп қалған гүлдерді подъездің терезесінен лақтырған, деп жазады Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, гүл шоғы аула сыпырушының басына түскен.

"Полицияға Малайсары батыр көшесіндегі банктердің бірінің аумағын тазалап жүрген қала тұрғынының басына гүл шоғы түскені туралы хабарлама келді. Учаскелік полиция инспекторы аталған фактіге қатысы бар қала тұрғынын анықтады", - деді баспасөз қызметі.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ер адамға қатысты Қазақстан Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, материал сотқа жіберілді.

Айта кетері, жыл басынан бері облыста ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 1092 тұрғын жауапкершілікке тартылды.