Автобусқа арнайы қалпақты жергілікті тігіншілер тіккен екен.
ERNUR.KZ. Павлодарда Аяз атаның қалпағын киген автобустар қатынай бастады, деп жазады aikyn.kz.
Автопарк директорының айтуынша, бұл бас киімді арнайы киім тегітен тігіншілер бонус ретінде тігіп берген. Қазір № 10, 21 маршруты қала маңындағы ауалдарға жүреді.
Жүргізушілер автобустардың жаңа жылдық безендірілуіне арналған сайысқа қатысып жатыр. Байқаудың нәтижесі 28-желтоқсанда белгілі болады. Онда да кәсіпорын басшылығы тұрғындар мен әлеуметтік желілерде жазылған пікірлерді ескереді.
– Біздің компанияда автобустардың жаңа жылдық безендірілуіне арналған байқау өтеді. Жеңімпазға ақшалай сыйақы беріледі, – деді №1 автопаркінің директоры Вадим Ковальчук.
Павлодарда ұйымдастырылған бұл сайыста автобусты негізінен жүргізушілер мен кондукторлар өздері безендіреді. Мысалы, бір автобус жарықдиодты жолақтармен жарықтандырса, енді бірі автобустың терезелеріне шыршаларды бейнелеп қойған.