Ол ағасына өзіне қол жұмсағысы келетіні жөнінде хабарлама жіберген.
Жас ананың мұндай әрекетке не себепті барғаны белгісіз, қазір еріктілер мен полиция оны іздеп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.
25 жастағы Әсем Тайлақова 5 шілдеде үйден кетіп, ағасына өзіне қол жұмсайтыны жөнінде смс жіберген. Ол "суға батып өлемін" деп жазыпты.
Оның жоғалып кеткені жөнінде волонтерлерге жұбайы хабарлаған. Айта кетерлігі, Әсем – екі баланың анасы, жолдасымен некесін бұзу туралы өтініш берген.
Павлодарлық еріктілер әлеуметтік желілердегі парақшалардан қызды таныған немесе оның орналасқан жері туралы білетіндердің барлығынан полицияға немесе VITA отрядына хабарлауды сұрайды.