Павлодарда 35 жастағы қала тұрғыны полицияға көмек сұрап жүгінген.
Павлодар қаласында әйел жеңгесін ұрып-соқты, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодарда 35 жастағы қала тұрғыны полицияға көмек сұрап жүгінген. Қоңырауға келген полицейлер Н.Назарбаев даңғылы бойындағы пәтерде отбасылық жанжал кезінде әйел ағасының әйелін ұрып-соққанын анықтады.
Қала тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБК-нің 73-1-бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.