Желіде тараған фотоның астына жүргізуші әйел жол бойында тұрып, мысықты лақтырғаны туралы жазылған.
ERNUR.KZ. Павлодар полиция қызметкерлері көліктен мысықты лақтырып жіберген әйелді жазалады. Павлодар полициясы Instagram-дағы пабликте жарияланған суретке байланысты тексеру жүргізді, деп жазды Рavlodarnews.kz.
Желіде тараған фотоның астына жүргізуші әйел жол бойында тұрып, мысықты лақтырғаны туралы жазылған. Желі қолданушыларының бірі бұл әйел Есеналиев–Байзақов көшелерінің қиылысына тоқтап, көліктен мысық салынған қорапты шығарғанын, сосын көлікке жүгіріп кеткенін жазған.
Жүргізушінің жеке басы анықталды. Қала тұрғыны «Рахмет» базарына келіп, азық-түлік сатып алған. Көліктің есігі ашық болған. Кейін жүріп кеткен кезде мысықтың мияулағанын естіп, оны сыртқа шығарып жіберген.Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Облыс орталығының 57 жастағы тұрғынына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 408-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.